Нұрсұлтан Назарбаев Франциядағы іс-сапары барысында француздық кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы француз экономисі Жак Атталимен кездесті. Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы – Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды. Елбасы «Aubert&Duval» компаниясының президенті Жорж Дювальмен және Өскемен титан-магний комбинатының президенті Әсем Мамытовамен кездесті. Кездесуде металлургия саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы екі кәсіпорынның бірлескен жұмысы елді индустрияландыру бағдарламасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияның машина және аспаптар жасауға арналған титан-магний өнімдері өндірісін кеңейту жөніндегі жұмыстарының есебін тыңдады. Қазақстан Президенті «Total» компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен кездесті. Кездесу барысында көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда белсенді әрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқанына, соның нәтижесінде сындарлы ынтымақтастық бойынша қомақты тәжірибе жинақталғанына назар аударды. П.Пуянне өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру және еліміздегі өзге де инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Мемлекет басшысы Peugeot Citroёn компаниясы басқармасының төрағасы Карлос Тавареспен кездесті. Кездесуде компанияның Қазақстан автоөндірушілермен ынтымақтастығының перспективалары, еліміздегі қызметі және оның аясын кеңейту мәселелері талқыланды. К.Таварес Елбасыға қазақстандық серіктестерімен екі жыл ішіндегі бірлескен жұмысы, дайын өнім шығару өндірісі және оны көрші елдердің нарығына экспорттау жоспарлары туралы айтып берді. Фото: akorda.kz сайтынан алынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024