Экономика
Н.Назарбаев ирандық компанияларды мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранда ирандық холдингтер мен ірі компаниялардың басшылармен кездесті. Энергетика, тау-кен және ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлермен кездесуінде Қазақстан басшысы елдің инвестициялық тартымдылығы туралы мәлімдеді деп хабарлайды Ақордадан.
Шараға қатысушылар екі жақты қарым-қатынастарды дамытып, ортақ жобалар жүргізуге қызығушылық танытты делінген хабарламада. "Қазақстан президенті өзара серіктес болуға қызығушылықтың бар екендігін атап өтті. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев ирандық компанияларды "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жол желісінің потенциалын белсенді түрде пайдалануға шақырды. Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда ирандық компаниялардың қатысуына болатын мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олар: инфрақұрылымдық "Нұрлы жол", индустрияландырудың екінші кезеңі және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев медицина, биотехнология, агроөндіріс кешені және ғарыштық технологиялар саласында серіктесті кеңейтуге шақырды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024