Астана. 31 қаңтар. 7kun.kz - Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында мәлімдеді.
"Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс", - деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керектігін атап өтті.
"Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру керек. Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар", - деді Президент.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024