ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы демалыста ресми сапармен Катарға барады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан 25-26 қазан өтетін мұнай бағасы туралы техникалық отырысқа ОПЕК тарапынан шақырылып отыр. Сондай-ақ отырысқа Әзірбайжан, Бразилия, Колумбия, Мексика, Норвегия, Оман және Ресей елдері де шақырылды.
Кездесу аясында Венесуэла мұнай өндірісінің біртіндеп азайып бара жатқанына байланысты ОПЕК-ке бағаны арттыру үшін жаңа стратегия ұсынады деп күтілуде. Осылайша, қара алтынның бағасы 1 баррель үшін 70 доллардан төмен болмайды деуге болады.
Естеріңізге сала кетсек, 19 қазан Катарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев және Катар мемлекетінің экономика және сауда министрі Шейх Ахмед бин Джазим Аль Танидің төрағалығымен жоғары деңгейдегі 4-ші Үкіметаралық отырыс өткізілген болатын.
Комиссия шеңберінде тараптар Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары барысында қол қоюға жоспарланып отырған Келісімдердің жобаларын талқылаған болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024