Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бірыңғай валюта енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесу барысында мәлімдеді.
«Біз Ресей рубліне тәуелдіміз. Себебі олар біздің сауда серіктесіміз. Ал ЕАЭО-ға келер болсақ, бұл туралы 1990 жылдан бері айтылып келеді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін біздің жағдайымыз қиын болды. Жалақы төлеу үшін ақша болмады. Тіпті теңге де әлі шығарылмаған болатын. Сол кездерде ортақ валюта болғаны рас. Ал қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ешнәрседен қорқудың қажеті жоқ», — деді Н. Назарбаев. Айта кетейік, Ресей Думасының ТМД істері, еуразиялық ықпалдастық және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий "Бірінші арнаның" «Познер» бағдарламасында ЕАЭО елдері арасында бірыңғай валюта енгізілетіні және оның эвраз деп аталуы мүмкін екенін айтқан болатын. Фото: oskemen.infoПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024