Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен болған келіссөздердің нәтижесіне ризашылығын білдірді деп хабарлайды vlast.kz.
«Бүгін екі ел арасындағы келісімсөздер кезінде алдағы уақыттағы екі мемлекеттің байланысы талқыланды, халықаралық басты мәселелерге қатысты пікірлер алмастық. Ынтымақтастық жоба бағыттарының жан жақты дамуына байланысты сөз болды», - деді Н. Назарбаев.
Президент Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысқа бей-жай қарамағанын жеткізді.
«Мұндай қиын жағдайда біз Украинаға гуманитарлық көмек көрсетеміз. Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз етті. Біз бұл істі жалғастыра береміз. Халықаралық қызыл крест пен Чернобыль қорына қажетті дүниелер жіберілді. Бүгін біз екі жақты экономикалық қарым-қатынасты кең түрде талқыладық», - деп мәлімдеді Елбасы.
Н. Назарбаев екі ел арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баса назар аударды.
«Әрине, біз қазір біраз қиындықтарды бастан өткеріп жатырмыз. Онсыз болмайды. Бірақ осыған қарамастан екі ел арасында экономикалық қарым-қатынас орнады. Отын энергетикасы, өндіріс кешені, ауыл шаруашылығы тағы басқа салаға қатысты барлық сұрақтарыдң шешімін табамыз деп ойлаймын. Қарапайым саудадан жаңа біріккен өндіріс түзуді белсендіруге келісім жасадық », - деді Н. Назарабаев.
Н. Назарбаевтың сөзінше, қазір Украинада екі елдің әрекеттестігі бекем болу үшін барлық шарттар жасалған. "Қазір екі елдің техникалық күші мен әскери қарым-қатынасы мықты болу үшін бір-бірімізге өз күшімізді ұсындық. Мен Петр Порошенконың елімізге келгеніне ризамын. Бұл кездесу мемлекеттердің өзара интеграциясының кеңеюіне мүмкіндік береді" - деп түйіндеді Н. Назарбаев.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024