Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Нұрбанктің таза табысы 218,1 млн теңгені құрады. Ал 2016 жылдың аталған мерзімінде бұл көрсеткіш 559,9 млн теңге болған. Яғни табыс 2,5 есе қысқарған. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банктің қаржылық есебіне сәйкес, табыс салығын қоса есептегендегі түсім көлемі 586,8 млн теңгеден 242,7 млн теңгеге (2,4 есе) дейін төмендеді.
Ал операциялық кірістер 33,9 млрд теңгеден 9,7 млрд теңгеге (3,4 есе) дейін түскен.
2017 жылдың қаңтар-маусымында таза комиссиялық кіріс 1,9 млрд теңгеге (13,9%) артса, таза пайыздық кіріс былтырғыдан (28,9 млрд теңге) 4 есе қысқарып, 7,1 млрд теңгені құрады.
2017 жылдың 1 шілдесінде бан активтері 336,7 млрд теңгеге теңесті. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 11,7 пайызға аз.
Ал капитал бұл кезеңде 1,8 пайызға (41,7 млрд теңгеге дейін), міндеттер 13,3 пайызға (295 млрд теңгеге дейін) қысқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024