Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнолла Кәкімжанов: Нұрлан Балғымбаев әр минутын, соңғы тамшы қанын елдің, мемлекеттің игілігіне арнады

Зейнолла Кәкімжанов: Нұрлан Балғымбаев әр минутын, соңғы тамшы қанын елдің, мемлекеттің игілігіне арнады

Үкіметті Нұрлан Балғымбаев басқарған тұста ең ауқымды экономикалық шешімдерді қабылдауға тура келді. Қазір бәрі қарапайым болып көрінгенімен, мен Премьер-министрдің барлық қиыншылықтарын көрдім. Әрбір күн үлкен жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалаған, әрбір минут сайын ауқымды маңызды экономикалық шешімдер қабылданатын. Бұл туралы Н.Балғымбаевтың қазасы туралы хабардан кейін Н.Балғымбаев үкімет басқарған тұста Кіріс министрі болған Зейнолла Сейсембаев Facebook-тағы парақшасына жазды.

«Нұрлан Өтепұлын 1999 жылдан бері білемін. Мен ол кезде үкіметке жаңаден келген болатынмын. Оған дейін Нұрлан энергетика министрі болып, мен Ұлттық банкті басқардым. Сол кезде қызмет бабымен байланысып тұратынбыз. Одан кейін мен Президенттің көмекшісі болдым. Мемлекеттегі, үкіметтегі жұмыстар жайлы Елбасына мәлімдеме жасайтын едім. Сондықтан да біздің қарым-қатынасымыз өте керемет болмағаны белгілі. Алайда, жылдар өте Үкіметтегі жұмыс кезінде біздің қарым-қатынасымыз нығая түсті. Ол кезде мен мемлекеттің Кіріс министрі болдым. Сол жылдар нағыз дағдарыс кезі болатын. Мұнай бағасының баррелі 8 доллар болды, инфиляция 10 пайызбен өлшенді. Түскен қаржы міндеттелген әлеуметтік бюджетке берілді. 1999 жылдың сәуір айында нағыз девальвация басталды. Оның алдын алу жолдарын Президент өзі мақұлдады. Нұрлан Өтепұлы барлық жауапкершілікті өзіне алып, девальвацияның жағымсыз жақтарын телеарнаға шығып өзі мәлімдеп отырды. Халыққа себептерін түсіндіріп, қолданылатын шаралармен хабардар етті. Алтын-валюталық резерв девальвация кезінде бар болғаны 150 млн АҚШ долларын құрады. Бірақ бәрі жақсы аяқталды. 4 күннің ішінде қолға алынған шаралар іске асырылды. Нарық тепе-теңдікті сақтап, экономика өсімінің жаңа алғышарттары жасалды. Қазір іс жүзінде бәрі қарапайым сияқты көрінеді. Бірақ мен премьер-министрдің барлық қиындықтарын көрдім. Әр күн, тіпті, минут сайын экономикалық жағдайға байланысты тәуекел шешімдер қабылдап, іске деген жауапкершілікті арқалауына тура келді. Ол кезде Үкімет ұжымы өте қызықты болатын. Қабілетті, өз пікірін нақты айталатын жеке тұлғалар болды. Бірақ кейбір тәжірибесі аз министрлердің жұмысы мен іс әрекетін бақылау Нұрлан Өтепұлына оңай болған жоқ. Өте шыдамды адам болатын. Нұрлан Өтепұлының ауруының басты себебі - шамадан тыс күйзелістің көп болуы. Оны бәріміз білеміз. Оның өмірі жайлы қатарластарының айтқандарынан білемін. Премьер кезінде көріп жүрдім. Нұрлан үшін  сол жылдар тым ауыр болғанына сенімдімін. Бірақ өзін сол уақытқа лайықты ұстады. Нұрлан Өтепұлы өзінің ауруы жайлы бір жыл бұрын білді. Бәрі жақсы аяқталатынына үміттенген еді. Бірақ бес ай  ішінде ешнәрсе ойдағыдай болмады. Ол мүмкіндігінің аз екеніне қарамастан барынша күресті. Бүгін Нұрлан Өтепұлы бізді тастап кетті. Өзінің әр басқан қадамы үшін есеп беріп, ел есінде тек жақсылығымен қалды. Біз саясаттағы тұлғалар туралы аз білеміз. Бірақ Нұрлан Өтепұлы жұмыс бабында өзінің іскерлік қабітетін танытып, әр минутын, әр тамшы қанын мемлекеті мен халқының игілігіне арнады». Еске сала кетейік, кеше ҚР бұрынғы Премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев 68 жасқа қараған шағында науқас салдарынан дүние салған еді.

Похожие материалы