Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттар арқылы Ұлттық банкке қысым жасайтындарға ескерту жасады

Нұрсұлтан Назарбаев депутаттар арқылы Ұлттық банкке қысым жасайтындарға ескерту жасады

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаев 18 сәуірде Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банкке депутаттар арқылы қысым көрсететіндерге ескерту жасады деп жазады ҚазАқпарат

"Депутаттар арқылы Ұлттық банкті қыспаққа алуды доғарыңдар! Не болып кетті өзі? Мен бір нәрсені түсінбеймін, соңғы кезде Ұлттық банктің төрағасы болсын, министр болсын, депутаттар бәрін ортаға салып, қыспаққа алады. Ұлттық банктің төрағасы тікелей президентке бағынады. Сондықтан ондайды қою қажет. Ол дұрыс емес. Біз олай жұмыс істеген жоқпыз. Ұлттық банк дұрыс жолды ұстап келеді. Банк жүйесін қалпына келтіреміз. Елдің алдында тұрған міндеттерді орындайтын боламыз",- деді президент.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің есебін тыңдап, оң бағасын берді және "7-20-25" бағдарламасын жуық арада қолға алу керек екенін айтты.

Похожие материалы