Нұрсұлтан Назарбаев 1 - 5 қыркүйек аралығында ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады. Сапар барысында Мемлекет басшы ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Пекин ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады. Бұл туралы Ақорда жазды.
Одан бөлек, 22-23 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы көзделген. 23-24 тамызда Қазақстан Президенті ресми сапармен Сербия Республикасына барып, онда Президент Томислав Николичпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайтын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024