Экономика
Выбор редактора
Нұржан Сұбханбердин Казкоммерцбанктің Директорлар кеңесінің құрамынан кетті
Казкоммерцбанк Директорлар кеңесіндегі өзгерістер туралы хабарлады. Нұржан Сұбханбердин 2015 жылдың 4 мамырынан бастап өз еркімен Директорлар кеңесінің құрамынан кетті деп хабарлайды банктың баспасөз-қызметі.
"5 мамырда "Казкоммерцбанк" АҚ акционерлерінің жиналысында Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде басқарма басшысы Мағжан Әуезовты тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Акционерлер Казкоммерцбанктың ірі акционері және құрылтайшысы ретінде елдегі ауқымды қаржы институтының дамуына атсалысқаны үшін Нұржан Сұбханбердинге алғыс айтты. Ол банк құрылған 1991 жылдан бері басшылық қызметінде болды, 2002 жылдан бастап Директорлар кеңесінің құрамына кірді. 2003-2015 жылдар аралығында басқарма төрағасы болды.
Мағжан Әуезов 2002 жылдан бері Казкоммецбанктің басқарма мүшесі. Казкоммерцбанктің атқарушы директоры ретінде "БТА Банк" АҚ-мен интеграциясын жүзеге асырды. 2014 жылдың ақпаны мен 2015 жылдың наурызы аралығында БТА банкті басқарды.
Айта кетейік, осыған дейін Нұржан Сұбханбердиннің Казкомдағы қарапайым акционерлерінің жартысын Кеңес Рақышевке сатқандығы туралы хабарланған еді.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024