Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн демалады. Еgov.kz порталындағы мереке күндерге арналған ресми күнтізбе бойынша демалыс күндері 19-20 наурыз сенбі, жексенбіге және 21-23 наурызға сәйкес келіп отыр. Ал жұмыс күні 24 наурыздан басталады.

Наурыз кезінде барлық аймақтарда мерекелік іс-шара өтеді. Алматы қаласында Наурыз мерекесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығын аясында тойланады.

Астана қаласында мерекеге арналып 70 жуық іс-шара өтеді. Басты іс-шаралар 21 наурыз күні "Сарыарқа" велотрегінде және "Астана Арена" стадионында өтеді. Сондай-ақ мерекелік кештер «Қазақ елі», «Байтерек» монументі алаңында және «Студент», «Жерұйық» саябағында болады.

Похожие материалы