Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа екінші ескертуін жасады.
«Тексерушілер санын қысқартуды ескере отырып, қадағалау-тексеру қызметтеріне ауқымды ревизия жүргізуді тапсырған болатынмын. Салық органдарын оңтайландырып, қызметкерлер санын қысқартуы керек еді. Нақтырақ айтқанда, ведомство (Қаржы министрлігі - авт.) 600 адам туралы айтты. Енді сіздер қысқартудың орнына, оларды басқа бағыттарға ауыстыратындарыңды айтып жатсыздар. Бұл қаншалықты өзін ақтайды», - деп сұрады Президент Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтан.
Министрдің сөзіне қарағанда, ведомство тарапынан тексерулерді 37,5 пайызға қысқарту жоспарланған. Дегенмен, бұл жоспар артығымен орындалып, салықтық, әрі кедендік тексерулер 45 пайызға азайды.
«Жалпы бұл тексерушілер басқа бағытқа ауыстырылды. Себебі қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ауқымды жұмыстар басталды. Бұл жердегі кейбір бекеттер бойынша тәулік бойы бақылауға көштік. Сондықтан адамдардың бір бөлігін осында көшірдік. Бұдан бөлек, тексерушілердің негізгі бөлігін экспорттық бақылау бойынша мақсаттарды шешуге ауыстырудамыз. Бұл міндетті институционалды түрде бекітіп, жақын арада қайта құрылымдауымыз керек. Тексерушілер санын 600 мың адамға азайтып, оларды аталған бағыттарға ауыстырамыз», - деді Бақыт Сұлтанов.
Алайда Мемлекет басшысы министрге кезекті ескертуін жасады. «Мен саған екінші ескертуімді жасаймын. Үшіншісі соңғы болуы мүмкін. Жұмысыңды атқар. Барлығын тәртіпке келтіру керек, барша Үкімет осымен айналысуы тиіс», - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024