Астана. 6 маусым. 7kun.kz - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әуежайына өз есімін беруге қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол басылымдардың біріне берген сұхбатында айтты.
«Бұл менің бастамам емес. Мен ылғи да мұндай бастамаларға қарсы болып келдім. Бірақ мұндай ұсыныс қайта-қайта алдымнан шыға береді. Соған қарағанда, адамдар атқарылған жұмысты көріп, соған ризашылығы мен алғысын білдіргісі келетін секілді, - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің пікірінше кез келген саясаткер, мемлекет басшысы тарихта атқарған ісімен қалуы керек. Баға беретін біздің буын емес, келер ұрпақ.
«Мен ұлы философ, Рим императоры Марк Аврелийдің "Сіздің неге әлі күнге ескерткішіңіз жоқ?" деген сұраққа: "Мен кейін адамдар мына ескерткіш кімнің ескерткіші деп сұрағанын қаламаймын. Керісінше, "мына адамға неге әлі ескерткіш қойылмаған?" - деп сұрағанын қалаймын», - деген жауабын жиі есіме аламын деп өз пікірін білдірді Назарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024