Назарбаев: Болашақ Президенттің міндеті - бәсекеге қабілетті 30 елдің ішіне кіру бағытындағы жұмысты жалғастыру
Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру үшін адами және материалдық ресурстарға ие, жаңа мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруы керек, деп мәлімдеді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Одан кейінгі басшылықтың, команданың міндеті - біздің барлық істерімізді жалғастыру. 2050 бағдарламасы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену қажеттігін көрсетеді. Бұл жоспар біздің алдымызда жатыр», - деді Н.Назарбаев XII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Бұл ретте Президент жоспарды орындау үшін республикада қажетті бағдарламалар мен ресурстар барын атап өтті.
«Бізде мүмкіндіктер бар, бізде кадрлар дайындалды, сондықтан менің ойымша, Қазақстанның болашақ басшысының Болашақ жұмысы осыған бағытталатын болады», - деді Елбасы.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024