Нұр-Сұлтан. 19 шілде. 7kun.kz – krisha.kz сайтында құны 3,5 млрд. теңге деп көрсетілген гольф-клубы бар резиденцияның сатылатыны жөнінде жарнама пайда болды.
Бұл ғимараттың орналасқан жері мен көрсетілген нысандары Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада маңындағы саяжайымен сәйкес келеді.
«Тамаша резиденция. Өзіміз үшін салғанбыз. Құрылысшылар мен сәулетшілерді Италиядан алдырттық. Олипимпиядалық бассейн, технологияның соңғы үлгісіндегі автономды станса бар. Үйдің ішінде қымбат рояль бар. Үй Нео-классика үлгісінде салынған. Ауласында Шале үлгісінде екінші қонақ үй орналасқан. Жер телімі 1 га – бай-бақшасы, отырғызылған ағаштары бар. Нұра өзенінің жағалауында», - делінген хабарламада.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024