Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев ЕО-мен визалық режимді жеңілдетуі мүмкін екенін айтты

Назарбаев ЕО-мен визалық режимді жеңілдетуі мүмкін екенін айтты
Алматы. 8 қазан. 7kun.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақпен визалық режимді жеңілдету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы төтенше және өкілетті елшілер, атап айтқанда  қытай Чжан Сяо, Испания Давид Артур Карриед Томас, Израил Лиат Вексельман, Словакия Милан Коллар және Еуропалық Одақ Свен-Олова Карлссоннан сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде виза алуды жеңілдету мәселесін атап өтті. «Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз - Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру. Бұл келісімге 2015 жылы қол қойғанбыз.Орталық Азияға қатысты Брюсселдің жаңа стратегиясын дайындау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет. Сондай-ақ, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесінде дұрыс шешім табуға болады деп сенеміз», - деді Назарбаев.

Похожие материалы