19 наурыз. Астана. 7kun.kz - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтатады.
Бұл туралы ол бүгін телеарналар арқылы Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде айтты.
Халыққа алғыс айтқан Н.Назарбаев "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін хабарлады.
"Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету" деген Елбасы тікелей эфирде өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Өзі бұл туралы "Бұл - менің Президент ретінде қол қойған соңғы жарлығым" деді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024