Астана. 3 қараша. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Нұр Отан" партиясы саяси бюросының кеңейтілген жиынында Bank RBK-дағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жиын барысында "Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының" басқарма төрағасы Светлана Романовская Bank RBK-ның салымшылары мен клиенттері қайыршының күйіне түскенін мәлімдеп, банк салымшыларына көмектесуін сұрады.
"Мен бұл мәселеден хабардармын. Онда не болып жатқанын да білемін. Бұл акционерлердің ұрлығы ғой. Біз бәрінің есін жиғызамыз. Ұрылар өздеріне тиісті жерде отырады. Қаржы ұрыларына ақшаны қайтартқызамыз, банк жұмысын қалпына келтіреміз. Акционерлер мен жеке тұлғалар өз қаржысын ала алады",-деп жауап берді мемлекет басшысы.
Қазан айының басында БАҚ-та Bank RBK жеке және корпоративтік клиенттерінің ақшасын алуына ішінара шектеу қойғаны хабарланған. Банк кассасынан және банкоматтан ақша алу операцияларына шектеу салынған. Өткен аптада банк салымшылары - жеке тұлғалар банктің депозиттерінен ақша беруді тоқтатқанына шағымданған.
Бұған дейін 18 қазанда Ұлттық банк Bank RBK-ге жазбаша ұйғарым түрінде ықпал ету арқылы шектеу шарасын қолданған. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Bank RBK акционерлерімен және негізгі кредиторларымен қызу келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024