Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев Ресей елшісін «Достық» орденімен марапаттады

Назарбаев Ресей елшісін «Достық» орденімен марапаттады

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының елшісі М.Бочарниковпен кездесті, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оның Қазақстандағы дипломатиялық қызметіне ризашылық білдірді.

“Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз – мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада табысты ықпалдастық орнатқанын айтты.

“Біз халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдаймыз. АҚШ-қа сапарым кезінде Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынас мәселесіне зор мән бердім», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Михаил Бочарников екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды.

«Қазақстанда 11 жылдан астам атқарған қызметім барысында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріңіздің маңыздылығын көрсетіп отыр, – деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі.

Сонымен қатар, М.Бочарников екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығының нәтижелері мен алдағы перспективаларын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.

Қания Табыс

Похожие материалы