Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz — Назарбаев университетінде Қаржы жөніндегі ғылымдар магистрі (MSF) бағдарламасы ашылды. Оны Назарбаев университеті ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп әзірлеген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда қаржы секторында білікті мамандарға деген қажеттіліктің жоғары екендігін айтады.
«Қаржы жөніндегі ғылымдар магистрі бағдарламасының түлектеріне деген сұраныс Ұлттық банкте ғана емес, екінші деңгейдегі банктерде, аудиторлық және консалтингтік компанияларда және басқа да бизнес-құрылымдарда болады», – деді ол.
Бағдарламаның академиялық директоры Марек Йохецтің сөзінше, елдің табысты болуы экономикалық факторлармен айқындалады.
«Жобаларды қаржылық тұрғыдан талдап, инвестициялар үшін қолжетімді ақшаны нашар жобаларға емес, жақсы жобаларға бағыттай алу компанияның табысты болуы үшін маңызы зор. Бағдарламаның жақсы түлегі талдамалық, сандық тұрғыдан білімі, қаржылық модельдеу, дерекқорды пайдалану, Bloomberg дағдылары сияқты дағдылары мен құралдары, сондай-ақ адамдарды дұрыс шешім қабылдауға сендіре алатын дағдылары болады" , - деді Марек Йохец.
Бағдарлама бойынша студенттер 14 ай бойы күндізгі бөлімде оқиды. Оқыту бағдарламасы қаржы-техникалық аспект пен эконометрикаға бейімдей отырып оқытады деп жоспарланып жатыр. Оқу кестесінде 2 резиденция бар: жергілікті – Ұлттық банк базасында және халықаралық – әлемнің қаржы орталықтарының бірінде. Бірінші жылы бағдарлама бойынша оқу үшін 101 өтініш келіп түсті, іріктеу нәтижесі бойынша 34 адам оқуға қабылданды. 2017 жылғы қазанның соңында келесі академиялық жылға жаңадан студенттер қабылдау басталады.
Оқыту тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқу аяқталған соң магистранттарға "Master of Science in Finance" дәрежесі беріледі.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024