Нұр-Сұлтан. 4 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына бекітілген ұшақ оның туған күні қарсаңында Түркияға ұшты, деп хабарлайды 7kun.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
Жағдайдан хабардар дереккөз жексенбі күні Назарбаевтың өзі тікелей ұшатын қазақстандық мемлекеттік «Бүркіт» әуе компаниясының Airbus A320 Neo ұшағы Түркияға ұшып кеткенін хабарлады. Дереккөз хабарлауынша, Қазақстанның экс-президенті туған күнін өз елінде емес, түрік Бодрумында тойлауы мүмкін.
Айта кетейік, 6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 82 жасқа толады. Қазақстанда бұл күн елорда күніне орайластырылған, бұл мемлекеттік деңгейдегі мереке және бұрынырақ ерекше ауқымда тойланатын. Алайда осы жылы ауқымды іс-шаралар жоспарланбаған.