Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-шілдеде өндіруші кәсіпорындар бағасы 9,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Статистика комитеті.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 13%, өңдеу өнеркәсібінде 5,6%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 9,7%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6%-ға қымбаттады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 14,7%, мазутқа - 11,3%, табиғи газға - 5,9%, көмірге - 4,7%, металл кендеріне - 4,2%, сұйытылған пропан және бутанға 3,2%-ға жоғарылады, бензинге 1,7%-ға төмендеді.
Бағаның ферроқорытпаларға - 16,7%, қара металдар илегіне - 11,2%, алюминийге 9,2%, қорғасынға 4%, мысқа 3,6%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа 3,5%-ға төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының күрішке - 9%, қантқа - 5,3%, өсімдік майына - 3,7%, шайға - 3,4%, қара бидай ұнына - 1,9%, мал етіне - 1,3%, балыққа - 1%, нанға 0,4%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 2,5%, жармаларға - 2,4%, құс етіне 1,6%-ға, сүт өнімдеріне және макарон өнімдеріне 1,4%-дан төмендеуі байқалды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024