Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында лептоспироз инфекциясы қарқынды тарап жатыр. Бұл ауруға 69 адам щалдыққан, деп хабарлайды жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары.
Инфекция экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты пайда болды. Таза су аққан каналдарға құс фабрикаларынан, базар, қонақ үйлерден лас ағын сулар құяды. Бұл маса мен тышқан, егеуқұйрықтардың көбеюіне әсер етті.
Лептоспироз бүйрек, бауыр, жүйке және қантамыр жүйесін зақымдайды. Инфекция адамнан адамға тарамайды. Оны зарарлы жануарлар, топырақ, өсімдіктер мен ашық су қоймаларында шомылғаннан жұқтаруға болады.