Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Үндістандық SpiceJet әуе компаниясы Дели – Алматы бағыты бойынша ұшуға ниетті.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, «SpiceJet» әуе компаниясы тиісті рәсімдерден өтіп, Қазақстандағы шетелдік әуе тасымалдаушы аккредиттеу туралы куәлігіне ие болды.
Үндістанның авиациялық билік орындарының тағайындауға сәйкес, «SpiceJet» компаниясына аптасына 6 рейске Дели – Алматы – Дели бағыты бойынша ұшуға құқық берілді. Әуе компания аталған бағыт бойынша Боинг 737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұл рейстің ашылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
2018 жылы еліміз арқылы транзиттік жолаушылар саны 45%-ке (2017 жылы - 620 мың адам) артып, 900 мың адамды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024