Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Неге Қазақстан инвесторларға тартымды емес?

Неге Қазақстан инвесторларға тартымды емес?

Латвияның құрметті өкілі және кәсіпкер Каспарс Кукелис LS-ке берген сұхбатында инвесторлардың Қазақстандағы жобаларға ақшаларын бөлуге асықпай отырғандығын мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, ішкі сұраныстың өсіміне мән беретін  инвесторларға Қазақстанға ақша бөлу әзірге қызық емес. Бұның себебі- нарықта мұнай бағасының төмен болуы. Қазіргі жағдайда қаражатты өтей алмау мәселелері туындауы мүмкін дейді К.Кукелис. Тауар және қызмет түрлерін экспорттау көрсеткіші  жөнінен де Қазақстан тартымды емес. Қазақстанда өндірістік және еңбек ресурсы жағынан және басқа да  шығын түрлерінен (жалға алу, энергия) дұрыс сәйкестік жоқ. Табыс көзі ретінде табиғи қорларымыз ғана қалады. Кәсіпкердің атап өтуінше, соңғы 15 жылда халықтың табысы өндірістен әлде  қайда жылдам өсті. "Бұл дегеніміз, біз мұнайдан түскен артық табысты жеп болдық. Енді "шынайы" өмірге оралу керек. Біз аз ақшаға өмір сүріп, онымен қоса  көп жұмыс істеуге тиістіміз ",- дейді ол. К.Кукелсистің ойынша, капиталға қаржы салу азайғанда, технология есебінен даму, алға басу қиынға түседі. Бұнымен 15 жыл бұрын айналысу керек еді, осыған дейінгі қолданылған шараларды ол "жұмсақ айтқанда жеткіліксіз"  деп есептейді. "Қазақстанда өндіріліп жатқан шикізат көлемін көбейтіп, инвестицияны арттырудың орнына құр дандайсу басым еді",- деп атап өтті К. Кукелис. Оның пікірінше, егер Қазақстан теңге курсын бос айналымға жібермегенде, ресейлік арзан импорт отандық өндірушіні шығынға түсіретін еді.

Похожие материалы