Экономика
Непалда жер сілкінісінен қайтыс болғандардың отбасына 1000 доллардан төленеді
Непал үкіметі апатты жер сілкінісінен қайтыс болғандардың отбасына 100 мың непал рупийінен (1000 доллар) және жерлеу рәсіміне 40 мың непаль рупийінен(400 доллар) төленеді деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ел үкіметінің отырысында осындай шешім қабылданған. Апаттан кейін қираған үйлерді қалпына келтіру үшін 25 мың непаль рупийі (250 доллар) бөлінеді деп жазады басылым.
Қираған немесе апат кезінде зардап шеккен ғимараттарды қалпына келтіру үшін үкімет 2 млрд доллар көлеміндегі қор құрылды. 200 млн-ды жергілікті билік бөледі, өзгелерін халықаралық қауымдастықтар мен қайырымдылық ұйымдары береді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, 25 сәуір күні Непалда таңертең 7,9 күштегі жер сілкінісі орын алды. Эпицентр ел астанасы Катмандудың солтүстік-батысынан 82 шақырым жерде орналасқан. Бір күннен кейін Непалда тағы 6,7 баллдық бірнеше жер сілкінісі пайда болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан зардап шеккендер саны 6 мың адамнан асады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024