Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несие алып, бизнес бастадым

Несие алып, бизнес бастадым

Жұмыстан қысқарып қалып, не істерімді білмей сандалып жүрдім. Мамандығым бойынша жұмыс көп емес екен, бар болса да айлығы аз. Менің балаларым бар. Оларды қайтсем де ештеңеден тарықтырмай, жақсы өмір сүруіне жағдай жасағым келді. Әрқайсысының қабілетіне қарай ең үздік, сапалы үйірмелерге апарғым келді. Бұл балаларымның болашақта жарқын өмір сүруіне кепілдік береді емес пе?! Содан не керек ананың, мынаның басын шалып көріп, соңында мал шаруашылығымен айналысуды жөн деп таптым.

Жалынып, жалпайып бір бай танысымнан қарыз сұрап көріп ем, бермеді. Амал жоқ, несие алып, осы істі бастадым. Қазір жақсы болды ғой. Несие алып, шаруа жасауға болады. Біз әуелден несиеге өмір сүріп келе жатырмыз. Мал шаруашылығы — атакәсіп қой. Малдың жайын білетін болғандықтан, осы іспен айналысқаным дұрыс бопты. Сөйтіп мал бордақылаумен айналыса бастадым. Малды семіртіп, сойып, құжаттарын әзірлеп, базарға апарып сатамыз. Терісіне дейін іске асырамыз. Алайда тек қана биыл ақпан айында «Жұмыспен қамту — 2020» жол картасы бағдарламасымен сегіз жарым жылға 3 миллион теңге несие алдым. Жарты жыл сайын 545 мың теңге төлеп отырамыз. Мал басы баспақтан құралады ғой. Қазір 27 бас ірі қарам бар. 17-сі өз қорамда, 10-ы туысқандай боп кеткен көршімнің қорасында тұр. Әзірге бір жұмысшы жалдап отырмын. Қазір малды Торғайдан, Қостанайдан, Оралдан әкеліп жүрмін. Шаруаның шеті шыға бастағасын қазір енді жиенім және ағайын-туыс қолдан келгендерінше көмектесіп жатыр. Енді мына алған несиеме шаруамды кеңейткім келеді. Ол үшін ауыл әкімінен жер сұрап отырмын, Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар деген рас екен. Жұмыссыз қалсам да, бала-шаға үшін тырысып бақтым. Міне, қазір еңбектің арқасында мал тауып, отбасымды ойдағыдай асырап отырмын. Енді әкімнен оңды жауап болатын шығар деген үміттемін.

Рүстем Жапақ,

Ақтөбе

Похожие материалы