Америкалық фильмдерде несие картасымен есеп айырысып, күнделікті өмірлеріне сіңісіп кеткетін көріп жүреміз ғой. Ал бізде бәрі басқаша сияқты. Болашақта сізге банктердің бірі несие картасын ұсынса, мен сияқты әй жоқ, шәй жоқ ала салмай, берген шартын түгел оқып, бәріне көз жеткізіп, түсінбегеніңізді сұрап, өзіңізге сенімді болғанда бірақ қолданғаныңыз жөн шығар.
Бәрі банктен тұрмыстық техниканы несиеге алған кезде басталды. Қарызды рәсімдеген кезде маған несие картасын да бірге ұсынды. Одан бас тартқым келгенімен (өйткені несие картасы туралы жақсы пікір естімеген сияқтымын) бірақ бұл міндетті қызмет екенін, оны қолданбаса да болатынын айтып соңында несие картасын қосып берді.
Сонымен не керек несие рәсімдеді, қолыма ішінде 50 000 теңгесі бар картаны да ұстатып жіберді. Үйге келе сап оны бірден шкафқа тыға салдым, «тістеп алмайды ғой, жата берсін, бәрібір қолданбаймын» деген ой келді.
Жыл өтті. Өзіме тон сатып алғым келіп, бар ақшамды түгендеп едім, жетпеді. Сол сәтте бірден ойыма несие картасы сап ете түсті. Еңбекақықаға дейін 30 000 теңге ала тұрайын дегенмін. Одан ақша алмас бұрын оператордан мән-жайды біліп алдым. Ол алатын 30 000 теңге ақшаны бір ай ішінде қайтарсам, шамамен 3 000 теңгедей ғана үстеме төйлетінімді жеткізді. Ендеше жаман емес қой деген оймен, киіп көрген тонымды сатып алмаққа бекіндім. Өйткені құйып қойғандай жарасып-ақ кетті, қатты ұнаттым. Сол кезде маған смс хабарлама келді, маған тағы 50 000 теңге жіберген екен, сөйтіп жалпы сома 100 000 теңге болды.
Келесі айда карта үшін шамамен 30 000 теңге құйдым, оған қоса негізгі несием жүріп жатты. Ал, жарайды, келесі айда тағы төлеймін деп қоям.
Жарты ай өтті, содан кейін киіну үшін картадан 100 000 теңге шешкім келді. Ал, қазір шешіп алам, киінем, содан кейін ай сайын 20 000 теңге салып тұрам деп ойлап қоям. Ақшаны шешіп алдым.
Бірнеше айдан кейін қарыз сомасы сол күйінде тұрғанын көріп таңданысымда шек болмады (банктің веб-сайтына тіркелгем және қарызымды көріп тұра алам). Әрине, банк қызметкерлеріне барып, бұлқан-талқан болдым. Менеджерге айына 20 000 (кейде 25 000) төлейтінімді айттым, сондай негіздемелермен ақшалай қарызды жабам деп ойлаған едім. Ал ол маған пайыз КҮНДЕЛІКТІ қосылып тұрады деп жауап берді!!! Және осы 15 000-нан 3000 карта қарызына, ал қалғанының бәрі пайыз!
Сұмдық пайыздар! Және олар күн сайын қосыла береді. Яғни, менің несие бойынша төлем жасауымнан пайда жоқ. Мен төлеймін, бірақ бастапқы сомаға қайтадан келе берем. Бұл ешқашан қашып құтыла алмайтын борышқорлық болды.
Қарыз сомасы шамамен 150 000 теңгені құрады. Таныстардан ақша ала тұрып, шексіз қарызымды тұстастай жауып тастадым. Ендігәрі банктен несие карточкасын алмайтындай болдым. Туыстар мен таныстарымның айтқанына құлақ аспай, өзімдікін жасап едім, енді білетін болам.
Қорытынды: Әр банктің шарттары әр түрлі болуы мүмкін. Ал мен алған ЕДБ-тің несие картасын тек байлар ғана пайдалана алатындай, пайызы мен үшін сұмдық қосылып отырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024