Швейцарияның Nestle концерні Петр Порошенконың кондитерлік активтерін сатып алуға қызығушылық білдірген жалғыз компания болып шықты. Бұл ретте Nestle Украина президенті Roshen үшін сұраған сомадан үш есе аз төлейтінін білдірді деп жазады Bloomberg.
Шетелдік инвесторлар "Рошен" компаниясын Петр Порошенко белгілеген бағамен сатып алғысы келмейді. "Блумберг" агенттігі осы кондитерлік бизнестің сатылымы туралы бірқатар ақпарат келтірген болатын. Атап айтқанда, агенттік Украина президенті әкімшілігінің жетекшісі Борис Ложкиннің сөзін ұсынған болатын: "Келіссөздер жалғасуда, бірақ сұранысқа қатысты проблема бар. Ол жай ғана нашар емес, ол өте нашар. Инвесторлардың мұнда келгісі жоқ". "Блумберг" дереккөздерінің мәліметтеріне сүйенсек, Порошенко активтерін сатып алуға қызығушылық білдірген жалғыз компания - Nestle конгломераты. Бұл ретте швейцариялықтар Украина президенті белгілеген сомадан үш есе төмен соманы төлеуге дайын екен: $3 млрд. орнына $1 млрд. 2014 жылдың желтоқсанында П.Порошенко президент сайлауынан кейін бірден Rothschild & Cie банкімен Украиндағы ең ірі кондитерлік компанияға сатып алушыны іздеу туралы келісім жасағанын айтқан еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024