Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Әнипа Назарбаеваның күйеу баласы Азамат Жылқыбаев Алматы облысының прокуроры қызметінен кетті. Бұл туралы Бас прокуратурада хабарлады.
19 сәуірде Азамат Жылқыбаев өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазған.
«ҚР Бас прокурорының 19.04.2022 жылғы бұйрығымен А.С. Жылқыбаев өз еркімен Алматы облысының прокуроры қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта Алматы облысы прокурорының лауазымы бос», – деді Бас прокуратурада.
Кейбір деректерге сәйкес, Жылқыбаев Әнипа Назарбаеваның бизнесін басқарып, Болат Назарбаевтың бірлескен кәсіпорындарын «бақылаумен» айналысқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024