Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Алдағы үш жылда жергілікті бюджеттер 93,7 млрд теңге салық шығынына ұшырайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
Даленов Салық кодексінде жалақысы 63,1 мың теңгеден төмен болғандарға өзгертулер енгізілгенін еске салды. Олар үшін жүктеме 10 есеге төмендетіліп, 2 млн жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша табыс алады.
«Алайда, бұл өзгерістер 2019-2021 жылдары 93,7 млрд теңге көлемінде үш жылға жергілікті бюджеттің шығынына алып келеді. 2019 жылға республикалық бюджетте 29,1 млрд теңге көлемінде трансферттер салынды. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, қаңтар айында 2,3 млрд теңге аударылды», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, 2020-2022 жылға арналған жергілікті бюджеттердің шығындары биылғы жылы жаңа үш жылдық бюджетке жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.
Сонымен қатар, Дәленов атап өткендей, ЖТС прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі де зерделенді.
«Біз жалдамалы еңбек ақы төлеудегі ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасадық. Талдауға сәйкес прогрессивті шкаланы енгізу үшін барлық алғышарттар дайын емес. Ағымдағы жағдайларда әкімшілендіру қиындайды, ал әсер шамалы болады. Осыған орай, осы кезеңде салық салудың прогрессивті шкаласына көшу уақытынан бұрын деп санаймыз», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024