Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Nokia бес камералы смартфон шығарды

Nokia бес камералы смартфон шығарды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Nokia брендімен смартфондар шығаратын финдік HMD Global компаниясы бес камералы алғашқы смартфонды ұсынды. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды.

Nokia 9 PureView гаджеттің артқы панеліндегі Zeiss оптикасымен жабдықталған. Өндірушілердің айтуынша, суреттерді бес камерамен автоматты түрде біріктіру суретке түсіргеннен кейін фокусты реттеуге мүмкіндік береді.

HMD Global бұл смартфонның фотографтар үшін жасалғанын мәлімдейді. Гаджет RAW пішімінде түсіреді және тікелей құрылғыдағы суреттерді өңдейді.

Nokia 9 смартфонының алты дюймдік экраны бар. Qualcomm Snapdragon 845 процессорында жұмыс істейді, онда 6 гигабайт жедел және 128 гигабайт ішкі жад орнатылған. Батарея сыйымдылығы 3320 мАч, деп хабарлайды The Verge.

Смартфон сатылымы наурызда басталады деп жоспарланған. АҚШ-та 699 доллар (46 мың рубль) тұрады, алайда басқа елдердегі бағалар нарыққа байланысты өзгереді.

Похожие материалы