Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 5G жоғары жылдамдықты желісін енгізу бойынша шетелдік жоба бар. Бұл туралы Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
"Инвестор Финляндия тарапынан, Nokia компаниясы болады деп болжануда. Жобаның құны шамамен 500 млн доллар. 5G - бұл жасанды интеллекттің маңызды элементі. Өздеріңіз білесіздер, хирургтер операциясын тек жоғары жылдамдықты интернет жағдайында ғана қашықтықтан өткізе алады", - деді Дәленов.
Сондай-ақ, Павлодар облысында техникалық кремний өндірісі бойынша жоба әзірленуде. Жобаның құны 130 миллион доллар, БАӘ инвесторлары қатысады. Түркістан облысында Польшаның 26 млн долларға жылыжай кешенін салу жобасы, Ақмола облысында Дания инвесторының ет өңдеу комбинатын салу жобасы бар. Жобаның құны 22 млн доллар және Қызылорда облысында 128 млн доллар керамика зауытының құрылысы бойынша жоба ұсынылған.
Дәленовтің айтуынша, бүгінде құны 1 миллиард еуродан асатын жобалар пулы жиналған.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024