Экономика
Медиа
Nur.kz 300 долларға сатылған
Кеше Алматыда Солтүстік Қазақстан облыстық авторлық құқықты қорғау қоғамының шағымы бойынша Nur.kz порталына қатысты сот процессі барысында атышулы порталға қатысты бірқатар ақпарат пайда болды. Бұл туралы
365info.kz жазды.
Еске салайық, DeFacto заңгерлік компаниясы Nur.kz-ке 542 авторлық мақаланы ұрлап алды деп айыптаған еді. Бұл үшін олар 574,4 млн теңге өндіруді, портал жұмысын 3 айға тоқтатып, алынған материалдар мен оларды жасауға қатысқан құралдарды жоюды, сондай-ақ 2009 жылдан 2016 жылдың 22 ақпанына дейінгі аралықтағы портал жұмысын Қазақстан аумағында заңсыз деп тану туралы сотқа шағымданған.
Портал Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Алайда биылғы жылдың 22 ақпанына дейін порталдың иесі жоғарыдағы кипрлық офшорлық Calidus Investment Limited компаниясы болған. Заң бойынша шетелдік компания БАҚ-ның 20 пайыздан астамын иелене алмайды. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін шетелдік компания 22 ақпан күні 80 пайызын Қуат Бахридиновқа 300 долларға немесе 105 555 теңгеге сатқан. Бұл мәселе бойынша шағым түсірушілер Байланыс, ақпараттану және ақпарат комитетіне аталған істі тексеріп, шара қолдану туралы өтініш берген. Алайда 2016 жылдың 16 сәуірінде Nur.kz. Комитетке тіркелмеген болып шыққан. Тек 1 наурызда ғана ақпарат агенттігі ретінде тіркелген. 5 томнан асатын іс кешелі бері Бостандық аудандық сотында қаралуда.