Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері әлеуметтік желілерде қолжетімді

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері әлеуметтік желілерде қолжетімді

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты «Фейсбукте» елорда аудандары басшылары мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының парақшаларын және олардың ұялы телефондарының жеке нөмірлерін жариялайды.

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдері мен қалалық басқармалар мен департаменттердің басшыларына тұрғындармен тығыз байланыс орнату үшін әлеуметтік желілердегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық аудан әкімдері мен басқарма басшылары қала тұрғындарымен тұрақты байланыста болуға тиіс. Контенттің мазмұнына ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, белгілі бір әлеуметтік желіге ғана қосылудың қажеті жоқ. Аудиторияны нақты білу әрі сезіну керек. Мысалы, менің білуімше, оқушылар мен студенттер «ВКонтакте» желісін пайдаланады. Сондықтан білім басқармасының қызметкерлері тек «Фейсбукте» ғана емес, «ВКонтакте» желісінде болуы керек. «Твиттерді» инвестицияларды тарту, брендтің атын шығару үшін пайдалануға болады. Сондықтан бұл тапсырманы орындауға жүйелі түрде кірісу керек», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың сауалдарына жедел жауап беруді тапсырды.

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құрып, жүргізіліп жатқан саясатты түсіндіріп, жағдайды жетілдіру керек», – деді Қ.Тоқаев облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен өткен кеңесте. 

Похожие материалы