Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингтер нәтижесінде 100-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлады Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
"Жүздеген адамның саны туралы сөз болып отыр деп ойлаймын", – деді Қожаев.
Оның ақпаратына сәйкес, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "Қазақстанда тіркелмеген және сотпен тыйым салынған экстремистік ҚДК ұйымының шақыруы бойынша бірнеше жүздеген адам жиналды".
"Осы ұйымның қашқын жетекшісі (Мұхтар Аблязов) сайлау қарсаңында елдегі биліктің беделін түсіру, кезектен тыс сайлауға бойкот жасау бойынша жаппай насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлау кезіндегі қоғамға қарсы іс - қимылдарға шақырды", - деп атап өтті Қожаев.
ІІМ өкілінің хабарлауынша, "олардың деструктивті үндеулеріне қарамастан сайлау жоспарлы түрде өтіп жатыр".
"Біз қазір қоғамға қарсы іс-қимылдарға жол бермеу шараларын қабылдаймыз. Тәртіп бұзушылар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024