Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz — Елордада интернет-алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Елорда тұрғыны интернет-сайттардың бірінде өз үйін сатуға қойған. Хабарландыруды көрген сатып алушы оған қоңырау шалып, өзінің бухгалтері аударым арқылы үйдік ақшасын жіберетінін айтады.
"Бухгалтердің" өтініші бойынша әйел WhatsApp арқылы өзінің карточкасының мәліметтерін, абоненттік нөміріне SMS-хабарлама арқылы келген интернет-банкинг жеке кабинетіне кіру кодын береді.
Осыдан кейін алаяқтар жәбірленушінің "интернет-банкинг" жеке кабинетіне кіріп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті алаяқтар көбінесе өз құрбандарын пәтер немесе көлік сататын сайттардан іздейтінін мәлімдеді, сондай-ақ қазақстандықтардың қырағы болуын және өзі туралы жеке мәліметтер, соның ішінде өздерінің банктік шоттарының нөмірлерін бермеуді сұрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024