Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Елордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті «Алматы» ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаскүнемді Алматы қаласында қолға түсірді», – делінген ПД хабарламасында.
Белгілі болғандай, ұсталған күдікті екі ЖШС басшыларының арасында туындаған сот процесін шешіп беруге уәде еткен. Ол заңгер қызметін көрсету желеуімен сенімге кірген. Сот процесін жәбірленушінің пайдасына шешіп беретінін айтып, фирма директорының 36 млн теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024