Алматы. 28 қазан. 7kun.kz — Үндістанның сегіз құрылысшысы салынып жатқан нысанның аумағында төбелесті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шетелдік жұмысшылар арасындағы оқиға 27-ші қазанда орын алды. 20:58-де жедел басқару орталығына салынып жатқан нысанның аумағындағы жатақханада Үндістан азаматтары арасында төбелес болғаны туралы хабарланған.
"Нәтижесінде олардың үшеуі дене жарақатын алды. Оқиғаға қатысқан сегіз шетелдік жұмысшы ұсталып, Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Құрылыс нысанының атауы айтылмады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық Кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024