Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиналысында баспана күтіп отырған адамдар санының көбейгенін айтты.
Оның мәліметінше, жаздың басында елордада 46 мың адам, ал күздің басында 47,5 мың адам болған. Оның ішінде 3 810 – көп балалы отбасынан, 18 347 – халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдері, 22 515 – мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және 2 742 – жетім балалар. Биылғы жылы Нұр-сұлтан бюджетінде 1 500 тұрғын үй сертификатына 1,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 500 – і қызмет саласы үшін, 1000-ы көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдікпен несие беру аясында беріледі. Жыл басынан бері 24 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жалпы, биылғы жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан 1 322 пәтер беру жоспарланған, оның ішінде 419 – жалдамалы тұрғын үй, 903 – несиелік тұрғын үй.
«Келесі жылдан бастап қол жетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артады. Дайындық жұмыстары басталды», - деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, әкімдік жеке инвестиция есебінен қол жетімді баспана санын көбейтуді көздеп отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024