Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында жедел медициналық жәрдем музейі ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Музейде жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған.
«Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр. Экспозицияға негізінен біздің қызметіміздің қалыптасу тарихынан сыр шертетін түпнұсқа құжаттар, құралдар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар, біздің қызметкерлеріміздің әр түрлі жылдардағы формасы ұсынылды», – дейді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы Еділ Шалов.
Айта кетейік, мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі қалалық қосалқы станцияларда сақталды. Бір бөлігі басқа өңірлерден әкелінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024