Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтандағы бейнетіркеу камераларына 168 мың жол қозғалыс ережесін бұзу оқиғасы түскен, деп хабарлайды қаладағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан көшелерінде 1 798 фото және бейнетіркеу құралы орнатылды. Олар жылдамдық режимінің бұзылуын, қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтан өту (Bus Lane), тоқтау сызығының қиылысуы, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту және басқа да бұзушылықтарды анықтай алады.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ҚР ӘҚБтК 810,811-баптарына сәйкес, азаматтар жеті тәулік ішінде 50% жеңілдікпен айыппұл төлеуге құқылы. Бүгінгі күні айыппұлды egov.kz электрондық үкімет порталында, qamqor.gov.kz сайтында (фотосуретпен бұзушылықтарды қарау мүмкіндігімен), екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильдік қосымшаларда он-лайн режимінде төлеуге болады. Осы тәсілдерді пайдаланған жағдайда айыппұлдың өтелгені автоматты түрде деректер базасына түседі және азаматтарға ішкі істер органдарына квитанция берудің қажеті жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024