Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұр-Сұлтандағы қандай нысандарға 5G қосылады

Нұр-Сұлтандағы қандай нысандарға 5G қосылады

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - 5G желісі 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев Университеті мен Нұр-Сұлтандағы ЕХРО аумағында ашылады, деп хабарлады Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.

"5G технологиясын енгізу үшін инвестиция көлемі көп болғандықтан, бірінші кезеңде бұл технологияны енгізу Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жоспарланып отыр. Мысалы, 2021 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Университетінде және ЕХРО-да, 2022 жылы – әуежайда және вокзалда, сауда орталықтары мен алаңдарда", - деді ол Үкімет отырысында.

2018 жылғы желтоқсанда 5G ұялы байланысының сынақтары Алматыда, 2019 жылдың мамыр айында – Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы алаңында, маусым және тамыз айында – Алматыда, қыркүйекте – Нұр-Сұлтанда қайта өткізілді.

"Сынақ қорытындысы бойынша интернетті, телемедицинаны, өнеркәсіпті цифрландыруды, ақылды қалаларды дамытуда технологияны қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасалады", – деді Жұмағалиев.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын 2022 жылдың соңына дейін желімен қамту жоспарланған. Қазақстанның облыс орталықтары 2023-2025 жылдары біртіндеп 5G-ға қосылады.

Бұдан басқа ауылдық елді мекендерде интернетке кең жолақты қолжетімділікті енгізу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"Осылайша, жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан халқының 97%-ы 2022 жылдың соңына дейін интернетке кең жолақты қолжетімділікке ие болады. Қалған 3%-ы үшін спутниктік технологияларды қолданудың техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етіледі", - деді Жұмағалиев.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендердің интернет желісіне қол жетімділігін арттыру "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау мен электрондық қызмет көрсету үшін база болады.

Похожие материалы