«Нұрбанк» Акционерлік қоғамы - 1992 жылғы тамыздың 3 күні Атырау қаласында құрылған. 2003 жылы Бас банк Алматы қаласына көшірілді.
Қысқа мерзімнің ішінде «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы аймақтық банктен республикалық деңгейге көтеріліп, Қазақстан банктерінің алғашқы ондығында нық орнықты. Бүгінгі күні «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша 8 орында тұр, ол банктік қызметтердің барлық түрлерін ұсынады.
Халықаралық рейтингтік агенттіктер, аудиторлар, шетелдік кредиторлар біздің активтердің, тәуекел-менеджмент жүйесінің сапасы жоғары, банктің автоматтандырылу-деңгейі биік екенін үнемі айтуда.
Республикамыздың барлық ірі аймақтарында 16 филиал, 81 әмбебап орталық банктік қызмет көрсетуде.
Банктің миссиясы: бөлшек сауда, шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі корпорациялар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін оларға қазіргі заманғы қаржылық қызметтің толық кешенін ұсынатын сенімді әріптесі болу.
Банктің құндылықтары:
- Ақырғы нәтижеге бағытталған;
- Жауапкершілік пен сенімділік;
- Барлығы клиентке;
- Кәсіпқойлық;
- Серпінділік;
- Ынталылық пен жасампаздық;
- Инновациялық;
- Айқындық.
Дереккөз: nurbank.kz
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024