Нұрболат Құрметұлы: Елбасының бастамасы 1,5 млн-нан астам адамның әл-ауқатын жақсартады
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Үкімет құрамының алдында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы Жаңа Үкімет құрамының алдына қойылған әлеуметтік саясаттың 3 маңызды бағыттын айқындады. Олар – халықтың күнкөрісі төмен топтарының табысын арттыру және қолдау, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту, өңірлерді кешенді дамыту.
Бірінші бағыт бойынша Қазақстанда биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап бюджет саласындағы төменгі жалақы алатындардың айлық жалақысын 30%-ға, азаматтармен жұмыс жасайтын жергілікті атқарушы органдардың жалақысын 25%-өсіру көзделіп отыр. Осы мақсаттарды іске асыру үшін алдағы 3 жылда бюджеттен қосымша 980 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Статистикалық ақпараттарға жүгінетін болсақ ең төмен жалақы мөлшері білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларында тіркеліп отыр. Осыны ескеретін болсақ, Елбасының бастамасы еліміз бойынша 1,5 млн-нан астам адамның әл-ауқатын жақсартуға тікелей әсер ететініне күмәнім жоқ.
Сонымен қатар, көп балалы аналар мен халықтың күнкөрісі төмен топтарын қолдау бойынша жоспарланып отырған іс-шаралар оң нәтижесін береді деп ойлаймын. Әр балаға берілетін ең төменгі төлем мөлшерін 20 мың теңгеге дейін арттыру көпбалалы жанұяларға едәуір көмек болатыны сөзсіз.
Екінші бағыт бойынша атап өтетін бір жайт - ол халықтың күнкөрісі төмен топтары үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салу бойынша Үкіметке жүктелген тапсырма. Мен өзім бұл бастаманы басынан аяғына дейін қолдаймын. Өйткені, қазіргі уақытта нарықта қалыптасқан бағалар бойынша пәтер алу немесе жалдап тұру табысы төмен топтар үшін орасан қиындықтар тудыратыны ықтимал. Сондықтан, Үкімет тарапынан бұндай шаралар жүргізілуі қажет. Бұндай тәжірибе Еуропаның бірқатар дамыған мемлекеттері, сондай-ақ АҚШ-та кеңінен қолданылады. Бұл мақсатта алдағы жеті жылға жыл сайын қосымша 50 миллиард теңгеден бөліп тұру көзделуде.
Үшінші бағыт бойынша өңірлерде өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өңірлік саясатты іске асыруды бастау жүктелді.
Алдағы жылдарда өңірлік саясат өңірлер арасында халықты инфрақұрылыммен және әлеуметтік қызметтермен қамту айырмашылықтарын қысқартуға бағытталатын болады. Маңызды республикалық автокөлік дәліздерін дамытумен қатар облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды дамыту бойынша шаралар іске асырылатын болады. Өңірлік инфрақұрылымның барлық объектілері жаңғыртудан өтетін болады. Бұл мақсаттарға бюджеттен қосымша 350 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Өңірлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша іске асырылатын шаралар өңірлердің көліктік байланыстылығын арттырып, ауылдық елді мекендердің экономикалық дамуына серпін береді деп ойлаймын.
Соңғы 20 жылда кең белес алған урбандалу үрдістері және халықтың үлкен қалаларда шоғырлануы қала маңындағы аумақтардың жайылуына және стихиялық дамуына әкеліп соқтырды. Инфрақұрылымды салу қарқыны қалалардың өсу екпініне ілесе алмай отырды, нәтижесінде қала маңындағы тұрғындардың басым бөлігі қалалық өмір игіліктеріне қол жеткізе алмады. Осыған орай 2019-2021 жылдары Астана, Алматы және Шымкент қалаларының шеткі аумақтарының мәселелерін шешуге бюджеттен қосымша 90 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Бұл шаралар үлкен қалалардағы халықтың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін едәуір жақсартады.
Сонымен қатар, шағын және моно қалаларды дамыту, елді мекендерді газбен жабдықтау және электр энергиясымен қамтамасыз ету сапасын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жаңа Үкімет құрамының алдына қойылған мақсаттардың ішінде ерекше атап өтетіні – ол ауылдық аумақтарды дамыту. Ауылды дамыту бойынша мақсаттар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыз сумен, газбен, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, жол мәселелерін шешуге байланысты болып отыр. Сонымен қатар, Елбасының болашағы бар ауылдарды таңдап алып, оларды экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту туралы тапсырмасы ауылдық аймақтардың әлеуетін арттыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024