Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін айыпталған Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке әкімшілік кодек баптарымен тағы екі айып тағылды. Алайда сот істерді қарауды тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Нұрлан Мәсімовке қатысты материалдар қаралуда. Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы тергеу изоляторында қамауда. Ол сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы бойынша түскен екі іс бойынша өтетін әкімшілік сот отырысына қатысады. Ол бапта лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салу жазасы қарастырылған.
Сот базасының құжаттарында көрсетілгендей, Мәсімовтің полиция басшысы болып тұрған кезінде жасаған құқық бұзушылықтары туралы хаттаманы облыстық тексеру комиссиясының маманы толтырған. Бұл екі істі сот бір іске біріктірді.
Қаңтардың 16-сы күні Нұрлан Мәсімовтің адвокаттары қазір тексеру комиссиясы қызметкерінің әрекетіне шағымданып жатқанын хабарлады. Сол себепті сот бұл істі одан әрі қарауды кейінге қалдырды. Іс қашан қайта қарала бастайныны белгісіз. Айыпкер бұл әкімшілік құқық бұзушылықты мойындамайтынын айтты.
Еске салайық, 6 қаңтарда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтті. Ол бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов мемлекеттік сатып алулар кезінде патронаттық қызмет көрсету және еншілес компаниялармен келісім-шарт жасау кезінде 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және артиллерия сатып алуға арналған бюджеттің 420 миллион теңге қаражатын жымқырды деп айыпталуда. Шілде айында Нұрлан Мәсімов Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024