ШҚО. 13 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің ұсталуының мән-жайын хабарлады.
«Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде ҚР және РФ азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды. Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды», – делінген хабарламада.
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Нұрлан Мәсімовты ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді. Қажетті тексерулер мен сұрақ алу іс-шараларынан кейін құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024