Қазақстандық бизнесмен Нұрлан Смағұлов "Алматы" қонақ үйін қайта жаңартуға 4 млн доллар қаржы жұмсамақ. Бұл туралы ол Forbes.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұрлан Смағұловтың Astana Group компаниясы аталған қонақ үйді 2006 жылы ашық аукционда сатып алады. Бизнесменнің сөзінше, қайта жөндеу жұмыстары жаз айында басталады. Қонақ үйді толық өзгертіп, ғимарат фасадын бұрынғы қалпына келтіру (70 жылдары қонақ үй интерьері әйнектерден тұрған) жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бизнесмен қонақ үйді сатып алғаннан кейін, оны сүріп орнына жаңа атаумен заманауи қонақ үй салуды жоспарлаған. Дегенмен дағдарыс басталғандықтан, ғимаратты қайта жөндеуден өткізуді жөн көреді.
Ғимаратты жаңарту жобасын британдық Chapman Taylor компаниясы жасап шығарды. Жоба барысында қонақ үйдің фасады ғана өзгеріп қана қоймай, ішкі жөндеу жұмыстары қолға алынады. Қонақ үй жаңартылғаннан кейін "үш жұлдызды" болып қала береді.
Айта кетейік, Алматы қаласындағы Панфилов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысыда орналасқан "Алматы" қонақ үйі 1967 жылы салынған. Ғимарат жобасының авторлары: Н.И. Рипинский, И.А. Картаси, А.Я. Коссов, В.Г. Чиркин.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024