Өткен 8 айдың қорытындысы бойынша 7,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 702 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл туралы 7kun.kz сауалына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен берген жауапта айтылды.
«Тұрғын үй құрылысы бойынша жыл басынан бері 701,6 млрд теңге жұмсалды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2 пайызға жоғары. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспарының 64 пайызы орындалды», - дейді министрліктен.
Тұрғын үйді сатып алу мүмкідігі жоқ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін жалға беруге жыл сайын 3 мыңға жуық пәтер салынады. Тұрғындар ол пәтерлерді сатып ала алмайды, тек ай сайын жалдау ақысын төлейді. Ондай пәтерлерді жалдау бағасы шаршы метріне – 100 теңге.
«Бұл бағдарлама бойынша алғашқы екі жылда мұндай пәтерлердің 6182-сі (331,0 мың шаршы метр) пайдалануға беріледі. Осы уақытқа дейін 3542 пәтер (196,2 мың шаршы метр) бой көтеріп, оның ішінде 922 пәтер (8 49,6 мың шаршы метр) осы жылдың 8 айында қолданысқа ұсынылды», - дейді министрлік жаубында жалға берілетін пәтерлер туралы.
Жалпы республика бойынша шамамен 67 мың баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 26 665 жеке үй бар. Тұрғын үйлерді тапсыру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 14 өңірінде сақталуда.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек те айтты.
«Егер бұрын жеке тұрғын үй құрылысы басым болса, қазіргі таңда керісінше, көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының артуы байқалады. Тұрғын үйлерді тапсыру бойынша алдыңғы қатарда Алматы облысы, Шымкент қаласы, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстары тұр. Ал үш өңірде Қызылорда облысында (19) және Павлодар облысында (13), Астана қаласында (8,7) пайызға төмен. Жылдық 108 пайыздық жоспарға сәйкес республиканың 2 өңірінде өсім баяу. Олар: Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары», - деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар 14 облыс орталығында бірыңғай архитектуралық үлгі бойынша үйлер салудың пилоттық жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Баспана ипотекалық ұйымының мәліметі бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру басталғаннан кейінгі екі айдың ішінде банктерге ипотекалық несие алуға 2562 тұрғын өтініш берген. Оның ішінде жалпы сомасы 20 миллиард теңгеден астам соманың өтініштері мақұлданды, қалған өтініштерді банктер қарастырып жатыр.
Екі жылдан аз уақыт ішінде 18,5 мың пәтер пайдалануға берілді (1,124,5 мың шаршы метр), оның ішінде осы жылдың 8 айында 1970 тұрғын үй несиеге берілген. Бұл пәтерлер әкімдікке келіп, тізімге тіркелгендерге (мұғалімдер, дәрігерлер, тұрақты кірісі бар мемлекеттік қызметкерлер) және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арналған. Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның жазбаша рұқсаты қажет.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024